Bugin
Фото: beauty-love.ru
Күйік – от, электр тоғы немесе химиялық заттардың әсерінен терінің зақымдануы, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Адам терісі ыстық бу немесе сұйықтықтың әсерінен де күйіп қалуы мүмкін. Тері мен тіндердің зақымдану дәрежесіне байланысты күйіктердің бірнеше дәрежесі бар. Дәрігер келгенге дейін терінің зақымданған жерін салқын суға салып, дымқыл компресс басу керек.
Күйіктің бетін таза, құрғақ шүберекпен орап, ауырсынуды және тітіркенуді басатын рецептсіз дәрі-дәрмектерді қолдануға болады.
Күйік орны қатты болса бірден дәрігерге хабарласып, инфекцияның алдын алу керек. Күйген тері өте сезімтал, бірнеше ай бойы қышуы мүмкін. Мұндай жағдайда арнайы крем мен дәрілерді қолданған жөн.