Bugin
Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
Шет елде жүрген қазақстандықтарға құжат рәсімдеу жеңілдейді, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап.
Әлемнің 10 қаласында тұратын қазақстандықтарға құжат рәсімдеу жеңілдей түседі. Ішкі істер министрлігі биыл Оттава, Торонто, Вена, Афина, Варшава, Киев, Париж, Прага, Баку және Ұлан-Баторда консулдық қызметтерге электронды құжаттандыру сервисін қосуға бастама көтерді.
Бұл цифрлық қызмет арқылы жат жерде тұратын жерлестер құжаттарын 3-6 айға дейін күтпей, 30 күн ішінде алады.
Аталмыш жоба бүгінде әлемнің 15 еліндегі Қазақстан консулдығында іске қосылған.