Bugin

Судья қамауға алу кезінде қашып кетіп, жол апатына ұшырады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik

Қырғызстанның Шу облысында адам бопсалағаны үшін екі судья ұсталды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы 24kg порталына сілтеме жасап. 

Ұстау кезінде судьялардың бірі қашып кеткен. Бұл туралы Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. 

"2024 жылғы 2 шілдеде Қырғыз Республикасының Бас прокуратурасы 6 мың доллар бопсалау фактісі негізінде қозғалған қылмыстық іс бойынша А.Т.А., Қ.У.Ж. және делдал болған сот отырысының хатшысы О.Ж.Д. ұсталды. Айта кетейік, қамауға алу кезінде судья Қ.У.Ж. қызметтік көлігімен қауіпсіздік қызметкерлерінен жасырынбақ болып, жол апатына ұшыраған", - делінген комитет таратқан хабарламада.

Белгілі болғандай, қашып кеткен судья жол апатына ұшыраған.