Bugin

Бұзақылық жасағаны үшін танымал әншінің үстінен іс қозғалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Әнші Қайрат Нұртас бұзақылық жасап, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін айыпталды.  Бүгін, 5 шілдеде әншінің сот отырысы өтті. Істі Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Басы дауға қалған Қайрат Нұртас сот отырысы барысында ұшақ бортындағы төбелес неден шыққанын айтты. Ол жәбірленуші Асылбек Бекқайыровпен жанжалдасып қалған. 

"Тойға досым шақырды. Мен келмеймін деп, оған бейәдеп сөздер айтып жіберемін. Сосын ұшақтың ішінде басымнан екі рет ұрды. Сосын менің намысым бар ғой, қарсылық көрсеттім", - деді ол.

Әнші тәртіп бұзбағанын айтты. Дегенмен ол дене жарақатын келтіргенін мойындады.