Bugin

Бұршақ және жел: 10 шілдеде Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Қазгидромет 2024 жылдың 10 шілдесіне арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Синоптиктердің мәліметінше, республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен найзағай ойнап, бұршақ жауып, екпінді жел соғады. Ал оңтүстік-шығыстағы тауларда қатты жаңбыр жауады.

Тек республиканың солтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, республиканың солтүстігінде және шығысында түнде тұман түседі.

"Күндіз Атырау мен Маңғыстау облыстарында қатты ыстық сақталады. Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облысының батысында, Ұлытау облысының орталығында, Қостанайдың оңтүстігінде, Атырау облыстарының оңтүстік-шығысында өте жоғары өрт қаупі сақталады", - делінген хабарламада.

Маңғыстау облысында, солтүстігінде, Атырау орталығында, Батыс Қазақстанның солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Ақтөбенің батысында, оңтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында, Жамбыл облыстарының шеткі шығысында өрт қаупі сақталады.

Астанада 10 шілдеде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан 3-8 жел соғады, найзағайдың екпіні 15 м/с. 

Шымкентте ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 19-21, күндіз 34-36 градус жылы.