Bugin
Фото: freepik.com
Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Мамандардың мәліметінше, атмосферадағы синоптикалық жағдай оңтүстік циклонның әсерінен қалыптасады, күн бұлтты болады деп болжанады.
12-13 шілдеде батыста, 13 шілдеде оңтүстікте, орталықта кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады. Қазақстан бойынша найзағай, бұршақ, дауыл және жел күшеюі мүмкін.
Ауа температурасы күндіз еліміздің батысында +25+30°С, солтүстік-батыста +20+30°С дейін төмендеуі болжанады, ал республиканың солтүстігі мен шығысында +28+38°С дейін жоғарылайды.