Bugin
Фото: Видеодан алынған скриншот
Шымкенттің экс-әкімінің ағасы Марат Әйтеновтың балаларына психологиялық көмек көрсетіледі, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Балалар омбудсмені Динара Зәкиева желіде қызу талқыға түскен оқиғаға қатысты пікір білдірді.
"Бәрінен де ең қорқыныштысы – балалар көрген ауыртпалық пен психологиялық соққы. Қазір әріптестеріммен, өңірдегі уәкілмен және қала әкімдігімен бірлесіп балаларға психологиялық көмек көрсету, аналарға балалар мәселелері бойынша қажетті заңгерлік кеңес беру ұйымдастырылды", - деп жазды Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Facebook-те.
Ол заңның тек атқарушылық іс жүргізу тараптары мен мемлекеттік органдардың өкілдерін шығаруға қатысуды көздейтінін атап өтті. Бірақ соған қарамастан, көшіру кезінде Марат Әйтенов пен басқа да адамдар болған. Қазір бұл факт бойынша тексеру жүріп жатыр. Сондай-ақ уәкілетті органдар өкілдерінің іс-әрекеттеріне байланысты қызметтік тексеру жеке жүргізіледі.
Еске салайық, бұған дейін Шымкенттің экс-әкімінің ағасы әйелі мен балаларына қорлық көрсеткенін хабарлаған едік.