Bugin

Бір отбасының 5 мүшесі бар: Дауылдан 35 адам қаза болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Ауғанстанда дауыл мен жауыннан 35 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап. 

Қаза тапқандардың арасында бір отбасының 5 мүшесі бар. Сондай-ақ құрбандардың арасында әйелдер мен балалар көп. 207 адам жараланған. Олар Жалалабад ауруханаларына жеткізілген. 

БҰҰ мәліметінше, биыл мамырда осы елдің Бағлан провинциясында жауындатып соққан сұрапыл дауылдан мыңдаған үй қирап, 300-ден астам тұрғын опат болды.