Bugin

40 жастағы ер адам із-түзсіз жоғалып кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: инстаграм @aqtobe_polisia_basqarmasy

Ақтөбе облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасы хабар-ошарсыз жоғалған 40 жастағы Әлібек Тоғайбаевті іздеуде, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ақтөбе полиция басқармасына сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, ер адам 15 маусымда  үйден белгісіз бағытқа қарай кетіп қалған.

"Белгілері: бойы 170-175 см, дене бітімі - орташа, шашы - қара. Ерекше белгілері: оң көзі зақымданған. Киімі: қара түсті бейсболка, қара түсті спорттық киім, қара шалбар, қара кроссовка", - делінген хабарламада. 

Полицейлер Әлібек Тоғайбаев туралы қандай да бір ақпарат білген болсаңыз 102 телефонына немесе 8 776 546 66 66 телефонына қоңырау соғуыңызды сұрайды.