Bugin
Фото: wallhere
Бүгінде елімізде кітап сүйер қауым көбейген. Жастар мен ересектер арасында кітап оқуды әдетке айналдырған оқырман әдебиет пен классиканы сүйіп оқып жатады. Алайда көптеген адамдар кітап оқығанда бірнеше деректі ескермейді.
Бірі кітап жанрларын араластырып оқуды ұнатса, ендігі бірі кітапты бет-бетке бөліп, күнде оқуды әдет еткен.
Кітапты оқымас бұрын тізім жасап алу маңызды. Кітаптар тізімін жасау - тым көп кітап сатып алудың алдын алады. Тізімге қарап, қандай жанрдағы кітаптың қажет екенін бірден аңғаруға болады.
50 бет қағидасы да кітап оқуда аса маңызды. Бір кітапты сатып алмастан бұрын ғаламтордан не кітап дүкенінен оқулықтың 50 бетін оқып шығыңыз. Алғашқы елу беттен кітаптың мазмұнын аңғарып, түсінуге болады.
Кітаптың авторы мен мазмұны туралы ақпаратты алдын ала біліп алыңыз. Алдын ала оқиын деп жатқан кітаптан қандай әсер алу керектігін білетін боласыз.
Кітапты қарындаш не қаламсаппен оқу да өте ыңғайлы.Егер кітаптың қажет тұсын белгілеп, қоршап отырмасаңыз, ондағы құндылықтардың сізге тигізер пайдасы шамалы.