Bugin

“Біздің сот қорқады”: Адвокат Марат Әйтенов не үшін қамалғанын айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған скриншот

Zebranews YouTube арнасында адвокат Ардақ Бәтиева Марат Әйтенов және оның әйелінің арасында болған кикілжің туралы айтты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Марат Әйтенов пен Дана Әтешова 2013 жылы отау құрып, 2020 жылы заңды түрде ажырасқан. Құқық қорғаушы Ардақ Бәтиева толтырылған хаттама туралы айтты.

"Толтырылған хаттама бойынша, Әйтенов Әтешоваға дөрекі сөздер айтып, ар-намысына тиіп, зәбірледі деп көрсетілген. Бірақ Әтешова сотта "ол мені ешқашан балағаттаған жоқ" деді. Сот сонда да 5 күнді беріп жіберді. Неге? Себебі қоғамды дүрліктірді. Біздің сот қорқады ондайдан. Оны Әтешова да біліп тұр. Сол үшін осындай нәрсені көтеріп тұр ғой", - деді адвокат. 

Ардақ Бәтиева тағы бір тың деректі айтты.

"Дана Әтешова "3 баламен далаға шығарып тастады" деді. Далаға шығарған жоқ. 4 бөлмелі үй алып берді. Ол үйдің құжаты Мансұр деген баласына рәсімделген", - деді Ардақ Бәтиева.

Еске салайық, бұған дейін Шымкенттің экс-әкімінің ағасы әйелі мен балаларын үйден қуғаны туралы хабарлаған едік.