Bugin

АҚШ-та қазақстандық спортшылар алты медальды жеңіп алды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: time.kz

Қазақстан командасының спортшылары стенд атудан алты медаль еншіледі, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

АҚШ-та өткен Гран-при турнирі мен Perazzi Cup додасында ел қоржынына алты медаль түсті. Қоржында екі алтын, екі күміс және екі қола медаль бар.

Богдан Конченко жасөспірімдер арасындағы Perazzi Cup турнирінде екінші, Анастасия Прилепина үшінші нәтиже көрсетсе, Конченко Гран-при турнирінде алтын медаль жеңіп алды. А санатындағы сында Асылхан Айсалбаев алтын алса, В санатында Анастасия Прлепина күміске иелік етті.

Ал Наргиза Сарманова қола медаль иеленген.