Bugin
Фото: freepik.com
Алматы мен Астанадағы ЖОО-ы қала сыртына көшіріледі, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап.
Жоғары білім және ғылым министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, бұл қаладағы кептелісті азайтып, студенттердің өмір сүру сапасын жақсартады.
Енді Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің қалашығы Алматының ішінде емес, іргесінде бой көтеруі мүмкін. Ал Астанадағы Еуразия ұлттық университетіне жаңа темір жол вокзалы маңынан 50 гектар жер берілген.
Аталған оқу ордаларында ұстаздарды айтпағанда 25 мыңдай студент бар. Бұдан өзге оқу орындары да біртіндеп қала сыртына көшіріледі.