Bugin
Фото: kaztag.kz
Әйелі мен балаларын үйден күштеп қуып шыққан Марат Әйтенов балаларына қанша теңге алимент төлейтінін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бұл туралы Barys Media Youtube-арнасында жарияланған бейнелерден байқауға болады.
Әйтеновтың сөзінше, оның жалақысы 100 мың теңге. Одан бөлек, экс-әкімнің туысы бала-шағасын шығарып жіберген үйді 2017 жылы әкесі сатып алған. Онда қарындасы мен әкесі 1 жыл тұрған болып шықты.
“Пандемия кезінде Дана екеуміздің арамызда жанжал көбейіп, ажырасу туралы ұсыныс айттым. Ол қазанның 16-ы ажырасу туралы өтініш берді де, желтоқсанда толық екіге кеттік. Мүлік, бала, т.б. бойынша шағымы жоқ екенін айтты”, – деді Әйтенов.
Алайда ол әйеліне пәтерге тұруды ұсынғанын айтады.
“Біз бұл үйде тұруға 1 жыл уақыт бердік, кейін оны босату керек еді. Орнына пәтер бердік. “250 квадраттық үйді қарай алмайсың, одан да пәтерде тұр” дедім. Себебі ондай үлкен үйге күтім керек, ал ол еңбекке аса машықтанбаған”, – деді ол.
Ал Әйтеновтың сөзінше, Дана Әтешова оның мүліктерін алуды көздейді.
“Мен оған алғашында “ортақ пәтерімізді сатайық та, ақшаны бөліп алайық деп едім, келіспеді, толық пәтерді бер деді. Дананың күйеуге шыққанға дейін 2012 жылы алған өз пәтері бар. Оны 2022 жылы сатты. Мен берген көлікті 23 миллион теңгеге сатты. Енді үлкен үйді де алғысы келді. Мен мүлік үшін таласпаймын, ол маңызды емес. Сол 4 бөлмелі пәтерге орналассын”, – деді Әйтенов.
Бірақ, Әтешованың мәлімдемелерінен кейін ол жұмысынан шығып қалған және көп мекемелер онымен жұмыс істегісі келмейді.
“Шу басылсын деп оқуға кеттім. Қайтып келгенімде, ол менен үлкен сома талап етіп, “әйтпесе Интернетте шу шығарамын” деді”, – дейді ол.
Әйтенов өз балаларына алимент төлейтінін айтты.
“3 бала үшін жалақының 50%-ы беріледі. Мен оған балалардың шығыны одан да көп екенін ескерттім. “Таңда: егер алимент төлесем, тек осы 50%-ды төлеймін, ал былай алиментсіз барлық шығынын төлеймін” деп айттым.