Bugin

"Әлі қорды аша алмай жатқаныма өкінемін": Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы туған күнінде халыққа үндеу жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: @aitym

Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді 37 жасқа толды, деп хабарлайды bugin.kz порталы  inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

Айтбек Амангелді қарындасын еске алып, парақшасында жазба жариялады.

"Дәл қазір ортақ іспен айналысып жатырмыз. Биыл туған күнімді тойламаймын. Қордың ашылуы мен үшін, ең бастысы Салта үшін ең жақсы туған күн болмақ. Осы жылы сенің қоңырау шалмайтыныңды және сенің күлкіңді естімейтінімді түсіну – өте қиын. Мен әлі де сенің қоңырау шалуыңды күтемін. Одан кейін әлі қорды аша алмай жатқаныма өкінемін, бірақ мен оны міндетті түрде ашамын, уәде беремін", – деп жазды ол.