ҚОҒАМ

"Әкімдік амал жоғын айтып, не істерін білмейді": Астана маңындағы апатты бұршақ салдары

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Taspanews.kz

Астана қаласы маңындағы Қараөткел ауылының (2006 жылға дейін – Ильинка) тұрғындары жауған қатты бұршақ шатырларға зақым келтіргенін айтып, шағымданды. Бұл туралы bugin.kz порталы Taspanews.kz редакциясына сілтеме жасап хабарлайды. 

8 тамыз күні жауған қатты бұршақ үйлер мен шаруашылық қора-жайлардың шатырларына зақым келтірген. Жергілікті билік өкілдері қолайсыз ауа райы туралы алдын-ала ескертпеген. Сондай-ақ төтенше жағдай режимін енгізбеген. Ауыл тұрғындары бүлінген мүлік үшін өтемақы ала алмай жүргендерін айтты.

"Біз Ильинка тұрғындарымыз, бұл Астана қаласының маңы. Бұршақтан зардап шектік, миллиондаған шығынға ұшырадық. Үйлердің төбелері тесілген. Бірақ әкімдік амал жоғын айтып, не істерін білмейді. Ақша жоқ дейді",- деді қала маңы тұрғыны.

Ол болған оқиғадан кейін "Қазгидрометке" табиғи апат туралы алдын ала белгілі болған-болмағанын анықтау үшін сауал жібергенін айтты. Әкімдік өткен "қатты жаңбыр, бұршақ және жел" туралы алдын-ала хабарланғандығын растайтын жауап алды.

"Әкімдіктің поштасына сегізінші тамызға арналған ауа райы болжамы алдын ала жіберілген. Осындай жауап келді. Бірақ ТЖ режимін ешкім жариялаған жоқ, сондықтан осы жылдың көктеміндегі су тасқыны кезінде сияқты төлемдер бізге жасалмайды. Онда қатты жел аралас найзағайлы ауа-райы орнап, жаңбыр да, бұршақ та молынан жауатыны жазылған – мен төтенше жағдай енгізу үшін немесе кем дегенде тұрғындарға ескерту жасау үшін басқа тағы не жазу керектігін білмеймін.",- деді ашулы әйел.