Bugin

Мырзағали Айтжанов пен командасы қызметінен босатылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Қазақстан боксында кадрлық өзгерістер болды. Бокстан ерлер командасының бапкерлік құрамы толығымен жұмыстан шеттетілді деп хабарлайды bugin.kz порталы Бокс федерациясының Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап. 

ҚР дене шынықтыру және спорт істері бойынша комитеті Қазақстан бокс федерациясының шешімін мақұлдады. 

Осылайша, келесі өзгерістер жайында хабарлаймыз:
1. Бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжанов және бапкерлік құрамдағы 10 маман, ҚБФ вице-президенті Азиз Қожамбетов қызметтен босатылды.
2. Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тұрсынғали Еділов Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.