Bugin
Фото: istockphoto
"Қазгидромет" РМК 20-22 тамызда елде ауа райы қандай болатыны туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды bugin.kz порталы.
Синоптиктер мәліметінше, республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.
Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр, найзағай, екпінді жел күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Тек республиканың оңтүстігі және батысында қатты жаңбыр күтілмейді. 21 тамызда Қазақстанның оңтүстігінде жел күшейіп, шаңды дауыл болжанады. 22 тамызда Қазақстан Республикасының шығыс бөлігінде түнде және таңертең тұман күтіледі.
Республиканың басым бөлігінде ауа температурасы күндіз +16+25, батыс пен оңтүстікте +22+35°C, республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында 23+33°С болады деп күтілуде.