БІЛІМ

ҰБТ-ға қалай дайындалу керек?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: exk.kz

 

ҰБТ – маңызды сынақ. Болашаққа жасайтын үлкен қадамың. Білімің, тестілеуден жинаған балың жоғары болса, оқу орнын таңдау мүмкіндігің де көп болады. 

ҰБТ-ға дайындалу міндетті түрде демалыстан бас тартып, бар уақытты оқуға жұмсау емес. Ең маңыздысы – дайындық процесі. Ал ол жүйелі болуы керек. 

Daryn Online білім беру платформасы түлектер үшін ҰБТ-ға дайындықты тиімді жүргізуге көмектесетін нақты әдістерді ұсынды.

1. Жоспарлау және мақсат қою
Дайындықты бастамас бұрын әр пәнге арнап нақты жоспар құрыңыз. Әр аптаға және айға арналған оқыту мақсаттарын белгілеңіз. Пән бойынша ҰБТ-да жиі кездесетін негізгі тақырыптарға назар аударыңыз. Мысалы, аптасына қанша тест сұрағын шешетініңізді, қандай тақырыптарды меңгеретініңізді анықтап алыңыз. Мақсатыңыз анық болса іштегі мотивацияңыз жоғалмайды. 

2. Тест тапсырмаларын жүйелі түрде орындау
Тест тапсырмаларын шешу – дайындықтың маңызды бөлігі. Аптасына бірнеше рет ҰБТ форматындағы тесттерді орындап, оны шешу жылдамдығын арттыруға тырысыңыз. Осылайша ми жаттығады. Сынақтың форматына дағдылану жеңілдейді. 

3. Қатемен жұмыс істеу
Міндетті түрде тест орындап болған соң қатемен жұмыс жасаңыз. Бұл – жақсы нәтижеге жетудің ең тиімді жолы. Қандай тақырыптан әлсіз екеніңізді біліп, сол бойынша қосымша сабақ алыңыз.  

4. Уақытты тиімді басқару
Уақытты тиімді пайдалансаң ғана бәріне жетеді. ҰБТ-ға дайындық барысында бұл өте маңызды. Әр күнге нақты уақыт кестесін құрып, дайындыққа жеткілікті уақыт бөліңіз. Сондай-ақ, әр пәнге берілген уақытты да дұрыс бөліңіз. ҰБТ тапсыру кезінде де уақытты басқару дағдысы керек. Сондықтан уақытқа жұмыс істеуді үйреніңіз.

5. Мотивацияны жоғалтпау
Мотивация ҰБТ сынағын тапсырудан бұрын, өмір сүруге құштар болу үшін керек. Адамның үлкен мақсаттары оны әрдайым жігерлендіріп отырады. Ең бастысы кез келген адам өзіне деген сенімін жоғалтпауы керек. Өйткені адам мотивацияны өзінен ғана табады. 

6. Демалыс пен ұйқының, дұрыс тамақтанудың маңыздылығы
Кітаптан бас алмай оқу – дайындықты тиімді етпейді. ҰБТ-ға дайындалу кезінде демалыс пен ұйқының маңыздылығын да ұмытпаңыз. Физикалық және психикалық денсаулыққа назар аударыңыз. 

7. Оқу материалдары мен онлайн ресурстарды пайдалану
Қазір “оқимын, білім аламын” деген адамға бар жағдай жасалған. Оқу материалдары мен арнайы дайындық мектептері бар. Онлайн білім беру платформалары да дайындыққа көмектеседі. Өзіңізге ұнайтын форматта ҰБТ-ға дайындық жүргізе аласыз. 

Осы тұста Daryn.online білім беру платформасы ҰБТ-ға 5 жылдан бері үздіксіз дайындап келеді. Сапалы дайындық методикасы мен оқу материалдары платформада қолжетімді.

Ең бастысы – мақсатқа деген сенім мен дайындыққа деген жауапкершілік.

Осы сілтемеден ҰБТ-ға дайындық курсы туралы толық ақпарат ала аласыз.