ҚОҒАМ
Фото: Bugin.kz
Әскери жиын кезінде атылған оқтан мерт болған жауынгер Марат Барқұловтың әкесі Қазақстан халқына видеоүндеу жолдады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Жауынгердің әкесі ұлын өлтіру фактісін растайтын дәлелдері бар деп, болған оқиғаның хронологиясын баяндады. Ер адам ашық, әділ тергеу мен жария сот өткізуді талап етеді.
– Ақтауда ұлымды атып өлтірген кейін балалар қорқып қалған. Офицер-лейтенант оның бетіне оқ атқан. Мен істің жасырын жүргізілгенін қаламаймын, қолдау мен ашықтықты сұраймын. Сот Бишімбаевтың ісіндей ашық өткізілуі керек, - деді Мараттың әкесі өз үндеуінде.
Ол сондай-ақ қайғылы оқиғаның куәгері болған ұлының қатарластарымен сөйлескенін айтты. Айтуынша, олар қорқып, бірдей жауап берген, марқұмның туған-туыстары оларға қысым көрсетілуі мүмкін деп болжайды.
Видеодағы дәлелдер
Сарбаздың әкесі басқа әскери қызметшілермен сөйлескен телефонның жазбасын көрсетті. Жазбада офицер оқ атпас бұрын пистолетті қалай оқтап жатқаны естілген. Ол кезде Марат Барқұлов жолдасымен телефон арқылы сөйлесіп тұрған.
– Ол нысанаға алды да, шүріппені басып жіберген. Содан кейін қайта оқтап, қайтадан көздеген. Екінші оқтан кейін Марат Данилкамен телефон арқылы сөйлесіп тұрған, — деп жазбада түсініктеме естіледі.
Бұған дейін бетіне оқ тиіп көз жұмған сарбаздың өлімі жайлы хабарлағанбыз.
Еске сала кетейік, 7 қыркүйекте Маңғыстау облысындағы "Оймаша" полигонында әскери жиын кезінде сарбазға оқ тиген. Жарақатынан ауруханаға жеткізілгенше, қайтыс болды. “Байқаусызда оқ тиіп”, көз жұмған сарбаздың әкесі кеше мәлімдеме жасаған еді. Әкесі баласының абайсызда өлім құшқанына сенбейді. Ол Қорғаныс министрінен бұл жағдайды өз бақылауына алып, тергеудің әділ жүргізілуін талап етті.
Бейресми ақпаратқа сәйкес, 17:10 шамасында лагерь бойынша кезекші, гвардия лейтинанты ПМ 9 мм тапаншасынан оқ атқан. Атылған оқ қатардағы жауынгер Марат Ерболұлы Барқұловтың бетіне тиген. Сарбаз ауруханаға жеткізілгенімен оны аман алып қалу мүмкін болмаған. Сағат 17:40 шамасында ол көз жұмған.