ҚОҒАМ

Алматыда жол апатына түскен көлік жаяу жүргіншілерді басып кетті (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған кадр

Алматыда екі автокөлік соқтығысып, оның біреуі жаяу жүргіншілерді қағып кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Алматы ПД баспасөз қызметі мәліметінше, жол апаты 18 қыркүйекте сағат 17:00 шамасында болған.

"ЖПҚ кезекші бөлімі мәліметінше, BMW маркалы көлік жүргізушісі Уәлиханов көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, Сәтбаев көшесімен қиылыста 2.4 "жол бер" жол белгісіне қарамастан қиылысқа шығып, Сәтбаев көшесімен батыс бағытта келе жатқан Lexus маркалы көлікпен соқтығысқан. Инерциямен Lexus қозғалысын жалғастырып, белгіленген жаяу жүргіншілер өткелімен солтүстік бағытта өтіп бара жатқан жаяу жүргіншілерді қағып кеткен", - деп хабарлады Алматы ПД баспасөз қызметі.

Салдарынан үш жаяу жүргінші мен Lexus жүргізушісі зардап шекті, деп хабарлады полиция.

ОҚИҒАНЫҢ ВИДЕОСЫН ОСЫ СІЛТЕМЕ АРҚЫЛЫ КӨРЕ АЛАСЫЗ!