Bugin

Шымкентте Әуезов университетінің ректоры 28,5 миллион теңге пара алды деген күдікпен қамауға алынды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: auezov_university

Шымкенттегі Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры 28,5 миллион теңге көлемінде парамен ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап. 

Бұл ақпарат бұған дейін әлеуметтік желілерде тараған. Сондай-ақ, ондағы мәліметте оқу ордасының тағы екі лауазым иесі мен екі компания басшылары қамауға алынғаны айтылған.

Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментіндегілер ректордың ұсталғаны туралы ақпаратты растады. Қазір тергеу жүріп жатыр. Тергеу құпиялығына байланысты өзге ақпаратты айта алмаймыз дейді департамент басшысының ортынбасары.

Белгілісі, күдіктілер мемлекеттік сатып алуға қатысты қылмыстық іс бойынша тергеліп жатыр.

Сот М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің басқарма төрағасы – ректоры Қайрат Нұрманбетовке, университеттің қаржы басқармасының басшысы Айгүл Сәрсенбаева мен оның күйеуі Б.Төлебековке, сондай-ақ пара беруші – «Галамстрой Групп» ЖШС директоры Ұлан Байтиковке қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған. 

Апелляциялық сот шешімді күшінде қалдырған.