Bugin

Айыппұл салынды: 21 жастағы бойжеткеннің полицейге жасаған ерсі әрекеті әшкере болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: polisia.kz

Қостанайлық бойжеткен учаскелік инспектордың плакатының астына балағат сөздер жазған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

ІІМ-нің мәліметінше, 21 жастағы бойжеткенге ерсі әрекеті үшін шамамен 185 мың теңге көлемінде айппұл салынды. Оқиға көпқабатты үйлердің бірінде болған. Онда бақылау камераларының көмегімен екі қыздың лифтке кіргенін байқауға болады. Учаскелік полицейдің тұрғындарға ақпараттандыру үшін жапсырған плакатына 21 жасар қыз маркермен балағат сөздер жазған. 

«Бейне арқылы құқықбұзушыны тез анықтады. Анықталғандай, қыз бала қазірдің өзінде құқық қорғау органдарында есепте тұр. Ол бұрын ұрлық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Қоғамдық орынды ластағаны үшін, бұл ұсақ бұзақылық ретінде қарастырылады. Осындай бұзушылық үшін 50 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 20 тәулікке дейін қамауға алу жазасы көзделген”, - делінген хабарламада.

Полиция мұндай әрекеттер жазасыз қалмайтынын ескертті.