Bugin
Фото: freepik.com
Алматы қаласының прокурорлары оқырмандарына тапсырма беретін телеграм арнаны анықтады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бас прокуратураның мәліметінше, 67 оқырман телеграмдағы арнадан суицидке бағытталған командалар алған.
"2024 жылы 23 қыркүйекте сот, Алмалы ауданы прокурорының деструктивті чатқа тыйым салу туралы талабын қанағаттандырды. Сот шешімі дереу Мәдениет және ақпарат министрлігіне орындауға жолданды", - делінген хабарламада.
Алматы прокуратурасы ата-аналарға интернетті қолдануда жауаптылықпен қараудың маңыздылығын ескертті.