Bugin
Фото: telegram.org/qr_tjm
6 қазанда Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы дала өртін сөндіру кезінде өрт сөндіруші қаза болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өз қызметтік міндетін атқару кезінде 24-өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Хали Хайрат қаза тапты.
“Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Ведомствоның Апаттар медицинасы орталығының психологтары қайтыс болған қызметкердің туыстарына қажетті психологиялық көмек көрсетуде. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өрт сөндірушінің туыстары мен жақындарына көңіл айтады!", - делінген хабарламада.
Төтенше жағдайлар министрлігі қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетеді.