Bugin

Түркістан облысында кәсіподақ тарапынан қызметкерлердің құқығы қорғалып жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Бұл туралы брифингте Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлері жергілікті кәсіптік одағының төрағасы Бахыт Еркінбек мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

"Облыстық кәсіподақ комитеті мүшелерінің хаттары мен арыз-шағымдарын қарауға ерекше көңіл бөлінеді. Соңғы бес жылдағы атқарылған жұмыстар нәтижесінде 111 қызметкер жұмысқа қайта алынған. Сонымен қатар, 94 қызметкердің заңсыз жұмыстан босатылуына жол берілмеді. Сотта 58 рет өз мүшелеріне өкілдік етсе, 9 686 құқықтық кеңес берілген.  Осы ретте биылғы жылғы қаңтар-қыркүйек айларында түскен 275 арыз-шағым бойынша да тиісті жұмыстар атқарылды. Бүгінде педагог қызметкерлерге коммуналдық қызмет шығындарын өтеу үшін жергілікті бюджеттен өтемақының берілуі кәсіподақ комитеттерінің бақылауында. Бұдан бөлек, облыстық білім басқармасы тарапынан медициналық сақтандыру жарнасының аударылуына өз ықпалын жасады. Кәсіподақ тарапынан өз мүшелерін сауықтыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Мәселен, 5 жыл ішінде 24 682 адамға сауықтыру орындарына жолдамалар берілсе, оның 4 353-і  балалар. Сондай-ақ, кәсіподақ комитеттері жыл сайын республикалық «Мектепке жол» акциясына белсенді түрде қатысып келеді. Соңғы 5 жылда көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасында өмір сүретін 15 мың балаға көмек көрсетілді. 2024  жылы 2400-ден астам балаға 18 млн. теңгеден астам қаржы бөлініп, оқу құралдары мен мектеп формасы сатып алынды",- деді спикер.

Бахыт Сейітжаппарұлының сөзінше, өңірдегі аудандық, қалалық және облыстық кәсіподақ ұйымдары тарапынан Арыс қаласындағы жарылыстан зардап шеккендерге 14,2 млн.теңге көмек көрсетілген. Одан бөлек, Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккендерге 13 млн.теңге қаражат бөлінген. Сондай-ақ, Мақтаарал ауданында апаттан зардап шеккен мектептерге 100 ноутбук пен сауықтыру орындарына 100 жолдама берілген.