Bugin

Бұрынғы төреші кек алмақшы болған: Бокстан ұлттық құрама бапкерін атып кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Бішкекте бокстан ұлттық құрама жаттықтырушысы Жылдызбек Ниязалиев пен оның көмекшісін атып кетті. Бір адам қаза тауып, екеуі ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы 24.kg-ға сілтеме жасап. 

Қырғызстан ІІМ-нің мәліметінше, жуырда ғана қамаудан шыққан бұрынғы төреші Мұқаш Ырсалиев Жылдызбектен кек алу үшін келген. Залдағы кездесу кезінде Мұқаш "Сайга" қаруымен жаттықтырушы мен көмекшісіне оқ атқан. Кейін қолындағы қаруын алуға жаттықтырушылар тырысқан кезде, шабуылдаушының өзіне оқ тиіп, мерт болды. Атыс кезінде залда жаттығып жүрген балалар да болған.

Аталған факті бойынша Бішкек қаласы Октябрь ауданы ІІБ тергеу қызметі Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің 122-бабы "Кісі өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды.