Bugin

ТҮРКІСТАНДА ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР ЖОЛАҒЫ МЕН ЖОЛ СЫЗЫҚТАРЫ ЖАҢАРТЫЛУДА

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Түркістан қаласындағы Байбұрт, Т.Бокин, Ә.Темір, Т.Нышанов, Қазыбек би, Шекті тілеу, С.Қожанов көшеліріндегі жаяу жүргіншілер жолағы мен  жол сызықтары жаңартылуда, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Қалалық «Түркістан жол қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мәліметіне сәйкес, биылғы жылдың соңғы 6 айында Б.Саттарханов даңғылы, Тауке хан, О.Жарылқапов,Төле Би, О.Жандосов көшелерінің 123,28 км жол сызығы, 7334 шаршы метр жаяу жүргіншілер жолағы, 31000 шаршы метр вело жолақтардың бояуы жаңартылған. 

Сондай-ақ оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жол-көлік оқиғаларының алдын-алу мақсатында мектеп пен балабақшалар маңына 350 метрді құрайтын жол кедергісі қойылып, қажетті жол белгілермен қамтамасыз етілді. Жаңа оқу жылы қарсаңында қала мектептері маңындағы жаяу жүргіншілер жолағы жаңартылды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі