Bugin
Фото: Видеодан алынған скриншот
Бүгін ақын, жазушы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Сәкен Сейфоллаұлы 1894 жылы 15 қазанда Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында дүниеге келген. Проза, драматургия, әдеби сын, әдебиеттану салаларында бірқатар еңбек жазды.
Ол алғашқылардың бірі болып Халық комиссарлары кеңесінің төрағасы (премьер-министр) қызметін атқарды. Кеңсе тілін қазақшаға ауыстырып, Жазушылар одағының негізін қалады.
Документалист Әлия Әшім Сәкен Сейфуллин туралы маңызды деректерді ұсынды.
“Сәкен Сейфуллиннің қазаққа жасаған жақсылығы көп. Небәрі 27 жасында премьер-министр болған Сәкен Сейфуллин – қазаққа қазақ атын қайтарған қайраткер. 200 жыл бойы көршілер бізді “киргизи” деп атап келді. Ал Сейфуллин “қазақты қазақ дейік, қатені түзейік” деп мақала жазып, елдің атын қайтаруды талап етті. Сәкен Сейфуллин мемлекеттік мекемелерде қазақ тілін енгізуді сұрады", - дейді Әлия Әшім.
Сәкен Сейфуллин осыдан 100 жыл бұрын “Шенеуніктер қазақша сөйлемей, ел гүлдемейді” деп айтып кеткен.