Bugin

Қыз табуын тапсырған: Түркістанда ер адам 15 жастағы қызды зорлап, кейін бопсалаған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Түркістанда 33 жастағы ер адам 15 жастағы қызды зорлаған. Кейін ақша бопсалап, жалаңаш суреттерін әлеуметтік желіде тарататынын айтқан, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Бұл туралы әлеуметтік желіде журналист Гүлмира Әбіқай жазба жариялады. 

«Балауса қызды уысына түсірген еркек, алдап-сулап зәулім үйдегі пәтердің біріне апарып, алдымен жалаңаш фотоға түсіреді. Артынан анайы түрде зорлаған. Бұл аздай, 2-3 күн өте қызға звондап "50 мың тг. тауып бер не өзің сияқты қыз тап! Таппасаң алдыңғы жалаңаш фотоларыңды тиктокқа саламын” деп қорқытқан”, дейді журналист.

Жазбаның бірін анасы көріп қалған. Кейін полицияға жеткізіп, дабыл қаққан көрінеді.