Bugin

Алматы маңында жер сілкінісі кезінде бас сауғалайтын лагерь салынатыны рас па?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Мәжіліс отырысында Төтенше жағдай министрі Шыңғыс Әрінов Алматы маңында жер сілкінісі кезінде адамдар паналайтын шатырлы лагерь құрылатынын айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Министр жедел мақсаттағы “Алатау”оңтүстік базасының құрылғанын айтты.

“Жойқын жер сілкінісі болған жағдайда Алматы маңында зардап шеккендер үшін шатырлы лагерь құрылады. Сондай-ақ гуманитарлық көмекті қабылдау пунктері мен басқа да қажет қосалқы нысандар болады”, – дейді министр. 

Министр лагерьдің басты артықшылығы 173 гектар ашық жерде орналасқанын айтты. Сонымен қатар министр жердің опырылмайтынын, жарығы жоқ үстіртте орналасқанын мәлімдеді.