Bugin

Түркістандағы жолдардың бір бөлігі жабылады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Түркістан облысы әкімдігі

27 қазанда үшінші рет «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры ұйымдастыратын Turkistan Marathon өтеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.    

Түркістанның әдемі тарихи орындарында 3000 адам жүгіреді. Turkistan Marathon ұйымдастыру комитеті қала тұрғындары мен қонақтарына 27-қазанда жол қозғалысы ішінара жабылатыны туралы хабарлайды. Сөре мен мәре visit Center Turkistan маңында орналасады, ары қарай қатысушылар Бекзат Саттарханов даңғылымен әуежайға қарай жүгіріп, мәреге қайтады.

27 қазан күні сағат 7:30-дан 14:20-ға дейін марафон қашықтығы өтетін жерлерде жол қозғалысы ішінара жабылады.

Спортшылардың қашықтықты жүгіріп өтуіне қарай жарыс жолы ашылып отыратын болады.

Таңғы сағат 7:30-дан 14:20-ға дейін Қожа Ахмет Ясауи мұражайының жанындағы Батырбеков көшесі көлік қозғалысына колжетімсіз. Таңғы сағат 8:15-тен 14:00-ге дейін Бекзат Саттарханов даңғылы (Батырбеков көшесінен Есім хан даңғылына дейін) бойынша қозғалыс тоқтатылады. Таңғы сағат 08:40-тан 12:30-ға дейін Есім хан даңғылымен (Бекзат Саттарханов даңғылынан Түркістан халықаралық әуежайына дейін) қозғалыс тоқтатылады.

Жолдардың жабылуын ескере отырып, сөреге оңтайлы жол жүру бағытын 2ГИС қосымшасы арқылы көруге болады.