Bugin

Блогерлер мемлекетке қанша салық төлегені белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Блогерлер мемлекетке 1,2 млрд теңге салық төледі, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Салық кодексіне сәйкес, блогерлердің жарнама беру немесе ақпараттық өнімдерді ілгерлетуден түсетін табысына салық салынады. 

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, елімізде 745 блогер (әлеуметтік желіде – Instagram, Youtube, TikTok-та 20 мыңнан астам жазылушысы бар жеке тұлға) бар. 

Соңғы 9 айда олар 1 млрд 226 млн теңгеден астам салық төлеген.