Bugin
Фото: Видеодан алынған скриншот
Қазақ тілінде мультфильмдер жасауға 350 млн теңге бөлінеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қаражат келесі жылдың бюджет жобасына енгізіліп отыр. Бұл туралы депутат Асхат Аймағамбетов жазды.
«Балалар «Синий трактор» мен «Маша и Медведь» сияқты мультфильмдермен шектелмей, сапалы әрі қызықты қазақша мультфильмдерді көруі тиіс», - деді депутат.
Айтуынша, қазақ тіліндегі мультфильмдерді шығарып, теледидардан бөлек, YouTube-қа жүктеу қажет. Өйткені балалар интернетті көбірек таңдайды. Сондықтан YouTube-қа жүктелуін қамтамасыз ететін норма заңға енгізілген.