Bugin

Түркістан: Мемлекеттік рәміздердің бекітілген талаптары түсіндірілді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Түркістан облысы, Сауран ауданы әкімдігі

Түркістан облысы Сауран ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаевтың төрағалығымен Мемлекеттік рәміздерге қатысты заң аясында қолданатылатын шаралар, орналасу тәртібі мен талаптарын түсіндіру бойынша жиналыс болып өтті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімдігіне сілтеме жасап. 

 Жиынға дербес бөлімдер, полиция, білім, денсаулық салалары және ауылдық округтерінің жауапты мамандары қатысты.

Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселе бойынша ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Марат Қалеке баяндама жасады. Баяндамашының мәлімдеуінше Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі.

Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады. Бөлім тарапынан аудан көлеміндегі мемлекеттік мекемелерге мемлекеттік рәміздерінің дұрыс орналасуы бойынша мониторинг жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде көптеген мемлекеттік орындарда аттары аталып, рәміздердің заң талаптарына сәйкес еместігін айтып, жедел түрде дұрыстауға ұсыныс берді.

Жиналысты қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша өз деңгейінде орындамаған ауылдық округтер мен тиісті бөлімдерге кемшіліктерді жою бойынша тапсырма берді.