Bugin
Фото: Түркістан облысы, Сауран ауданы әкімдігі
Түркістан облысы Сауран аудандық әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі жандар күніне арналған «Рухты, жігерлі жандар» атты мерекелік іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімдігіне сілтеме жасап.
Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы Дәуірхан Асылбек, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Ахметов қатысып, игі тілектерін, лебіздерін білдірді.
Балаларға арналып, мерекелік концерттік бағдарлама көпшілікке ұсынылды. Қоғамның ізгілігі – балаларға жасалған қамқорлықпен бағаланатыны бұлжымас ақиқат. Балғындардың кіршіксіз көңілдеріне қуаныш сыйлаған шарада демеушілердің тарапынан сыйлықтар тарқатылып, мерекелік дастархан жайылды.