Bugin

ТҮРКІСТАН. АЗАТ ОРАЛБАЕВ: АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ӨТІНІШТЕРІ БІРІНШІ КЕЗЕКТЕ ОРЫНДАЛУҒА ТИІС

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәжілісте үш мәселе қаралды. Бірінші мәселе бойынша іскі саясат бөлімінің басшысы Әділ Ысқақ аудан көлемінде қайта тіркеуден өтпеген мешіттер туралы баяндама жасады. Сондай-ақ екінші, үшінші мәселелерді аудан әкімі аппаратының ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі бөлімінің басшысы Айту Арапат, аудан әкімі аппаратының жалпы және әкімшілік бөлімінің басшысы Зулфия Сыздық аудан бойынша 109 біріңғай байланыс орталығынан түскен өтініштер және арыз шағымдардың орындалу барысы туралы хабарлама жасады. Сонымен қатар қысқы жылыту маусымына дайындық қатты отын көмір, абономенттерді табиғи газға қосу барысы туралы аудан әкімінің орынбасары Қыдырбай Сейітқұл хабарлап өтті.

Мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі Азат Әбдіғалиұлы арыз-шағымдар өзекті мәселе екенін ескертіп, орынбасарларына жауапты салалары бойынша жұмысты күшейтуді тапсырып, дербес бөлім басшылары мен ауыл округ әкімдеріне жіберілген кемшіліктер бойынша және тез арада жұмыс жасауды тапсырды.