Bugin

Қыз зорлады деп айыпталған Жанқош Тұраровқа қатысты тың дерек шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: prosports.kz

Қыз зорлады деп айыпталған Жанқош Тұраровтың қылмыстық ісі тоқтатылған еді. Жәбірленуші Әнару Құрманалиеваның адвокаты Ләззат Ахатова іс қайта қозғалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ләззат Ахатованың мәліметінше, тоқтатылған қылмыстық іс қайта қаралатын болды.

“Бас Прокуратураға жазылған шағымның, желідегі, БАҚ-ғы жариялылықтың нәтижесі шығар. Соңғы кезде әріптестерімнен, халықтан Бас прокуратура қызметкерлерінің жақсы жұмыс істеп, көптеген қылмыс пен заңбұзушылықтарды ашуға септігін тигізіп жатқандарын естимін. Бұл да болса, көңілге жағатын, үзілген үмітті жалғайтын, әділетті Қазақстанға сенім оятататын жағымды нәрсе ғой. Тек жаман жағын айта бермей, жақсы жағын да айтайық. Сонда да қайтадан депутат ағаларын қосып, қылмысын жабуға тағы күш сала ма деген күдік жоқ емес. Біздің елдің органдарын, заңының қалай жұмыс істейтінін білгесін, “жаман айтпай, жақсы жоқ” дегендей, ондай күдіктің болуы да заңдылық. Не жағдай болса да, барлығы ашылып, жасырмай, айтылды”, - деді адвокат.

Еске салайық, бұған дейін танымал боксшы қыз зорлады деп айыпталғанын хабарлаған едік.