Bugin

Бишімбаев түрмеден қашты – ІІМ жауап берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Жоғарғы сот

Әлеуметтік желіде экс-министр Қуандық Бишімбаевтың түрмедеген қашқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Желідегі ақпарат жалған екені нақтыланды. ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәлімдеуінше, Қуандық Бишімбаев қатаң режімдегі мекемеде жазасын өтеп жатыр. 

Бишімбаевтың түрмеден қашып кеткені туралы жалған ақпарат таралуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. 

Министрлік кінәлілер жауапқа тартылатынын мәлімдеді.