Bugin

Перизат Қайрат лауазымды қызметінен қуылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: инстаграм @01pk

Перизат Қайрат пара үстел теннисі федерациясының президенті қызметінен қуылғаны туралы мәлімет тарады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Федерация ақпаратты растады. 

“Шешім федерацияның кезектен тыс отырысында қабылданды. Ол тағайындалғалы бері оның басшылығымен бірде-бір ресми кездесу өткізілген жоқ, жұмысқа қатысты ешқандай бұйрықтар шығарылған жоқ”, - делінген федерация хабарламасында.

Ол бұл қызметке 28 қазанда ғана келген.

Еске салайық, су тасқынынан зардап шеккендерге жиналған 1,5 млрд теңгені жымқырды деген күдікпен Перизат Қайрат ұсталған еді.