Bugin
Фото: freepik.com
Үндістанда ауруханада өрт шығып, 10 нәресте ажал құшты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қайғылы оқиға Үндістанның солтүстігіндегі Джханси қаласында Махарани Лакшми Бай медициналық колледжінің жаңа туған нәрестелерге арналған неонаталдық жансақтау бөлімінде болған.
10 нәресте көз жұмды, 16 нәресте ауыр халде жатыр. NDTV телеарнасының хабарлауынша, өрт шыққан сәтте жаңа туған нәрестелерге арналған жансақтау бөлімінде 54 нәресте болған.
Жергілікті әкімшілік өкілі Авинаш Кумардың айтуынша, өрттің болжамды себептерінің бірі – қысқа тұйықталу.
Билік өкілдері өрттің себебін анықтау үшін тергеу комитеті құрылғанын мәлімдеді.