Bugin

“Информатика мұғалімі де бар": ақша жымқырған бухгалтер құрықталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Жалақыны бірнеше ретсаңсыз өсіргендер анықталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Мәліметтерге сүйенсек, Ақтөбедегі мектептердің бірінде құжат бойынша бухгалтердің еңбекақысы жылына 700 мың теңге шамасында болған. Ал іс жүзінде оның шотына ай сайын 3-5 миллион теңге аударылып келген. Одан бөлек, жалған қызметкерлерге ақша аудару фактілері де жиі кездескен.

“Қарағанды қаласындағы бір мектепте ондаған қызметкерге ақша аударылғанымен, ақша екі бухгалтердің карт-шоттарына түскен. Мұнда шығын сомасы 207 миллион теңгені құрады. Үшінші таралған схема – бюджеттік қаражаттарды тым үлкен сомалармен қайталап аудару. Мысалы, Петропавл қаласының бас бухгалтері мен информатика мұғалімі өздеріне айына үш реттен артық жоғары жалақы алған, жалпы шығын сомасы – 69 миллион теңге. Ішкі аудит комитеті қараша айының басынан бастап 306 миллион теңгеден астам қаражаттың заңсыз аударылғанын анықтады», - дейді Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің басқарма басшысы Олжас Нукаев. 

Мемлекет қаражатын жымқыру бойынша тергеу жұмыстары басталды.