Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Сайрам ауданы аумағында жайылым жерлерді ортақ пайдаланысқа қайтару барысы бойынша жиын өтті. Жиынға аудан әкімі Арман Сәбитов төрағалық жасады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Басқосуда аудандық жер қатынастары бөлімінің сектор меңгерушісі Рамазан Әжібеков 2024 жыл басынан бүгінгі күнге пайдаланылмай жатқан жайылым жер учаскесін қайтарған ауылдық округтер тізіміне тоқталды.
Бұдан соң, Сайрам ауданы бойынша ортақ жайылым үшін жайылымдарды қайтаруға қатысты сандық көрсеткіштерді баяндады.
Аудан аумағында ортақ жайылым құру мақсатында 2022-2024 жылдарда 240 жеке және заңды тұлғалардың жалпы көлемі 9 971 га жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы №278, №279, №9, №346 және №199 қаулылары қабылданған. Нәтижесінде жалпы көлемі 5 311 га жер учаскелері ортақ жайылымға қайтарылды.
Бүгінде Манкент, Ақбұлақ, Қайнарбұлақ, Көлкент ауылдық округі әкімдіктері тарапынан қаулыға сәйкес хабарламаларды қайта табыстау туралы жұмыстар жүргізілуде.
Мәжіліс соңында аудан әкімі пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару міндетін қарқынды қолға алу қажеттігін айтты. Оның ішінде, Арыс, Жібек жолы, Қарасу, Қарабұлақ, Құтарыс, Қарамұрт әкімдіктері тарапынан хабарламаларды қаулыға сай қайта табыстау жұмыстарын жүйелі жүргізуді жүктеді.