Bugin

Ер адамның жүрегінен метал сынығы табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ашық дереккөзден

Петропавлда көлік дөңгелегі жарылып, 22 жастағы ер адам шұғыл ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның жүрегінен метал сынығын тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Дәрігерлер мәліметінше, жол-көлік оқиғасында автокөліктің дөңгелегі жарылып, 22 жастағы жігіт ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Сол күнгі кезекші дәрігер-хирургтер Руслан Захаров, Алексей Дрюпин, анестезиолог Эльдар Рамазанов бірден ота жасауға кірісіп, науқасты аман алып қалу үшін күрескен.  Тексеру кезінде дәрігерлер жігіттің кеуде қуысы жарақатын байқайды. Өкпесінің оң жағындағы жараны, диафрагманы, зақымданған бауырды тігеді. Алайда көкірек бөлігінде ісік пайда болып, қарап-тексеру кезінде жүрек жарақаттанғаны анықталған. Дәрігерлер жүрек ішінен дөңгелектің темір тікенін алған. Осылайша, операция шамамен 2 сағатқа созылған. Науқастан бір литрге жуық қан кеткен. 

Операция шамамен екі сағатқа созылды. Науқас шамамен бір литр қан жоғалтты. Бес күн өткеннен кейін науқас өздігінен тыныс ала бастады. Петропавлдық жігіттің  жағдайы жақсарып, үйіне шығарылды.