Bugin

Шымкенттік әйел интернеттегі кеңесті оқып ауруханадан бір-ақ шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Куркума қосылған сірке суын ішкен әйел ауыр халде ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

53 жастағы шымкенттік әйел интернеттегі кеңесті оқып алып, қан қысымын түсіру үшін куркума қосылған сірке суын ішкен. Алайда науқаста анафилактикалық шок пайда болған. Салдарынан ол ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.

Дәрігерлер оған аллергияның ең ауыр түрі – Лайелла синдромы деген диагноз қойған. 

Бұндай диагноз қойылған кезде адамның терісі қатты зақымданады екен. Дәрігерлер әйелдің өмірін сақтап қалды.