Bugin

Ұшақ экипажы Ақтау әуежайына екі рет қонуға әрекеттенген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ТЖМ

Ақтау маңында ұшақ апаты болардан алдын Бакуден шыққан әуе кемесі Ақтау әуежайына қонуға екі рет әрекет жасаған, деп хабарлайды Bugin.kz. 

Көлік министрі Марат Қарабаевтың айтуынша, Ақтау әуежайы ұшақты қабылдауға дайын болған. Ақтау әуежайына алғашқы қоңырау 10:43-те түскен. Қоңырау аудандық диспетчерлік орталығының қызметкерлеріне келіп түсті. 

“Ростов диспетчері Грозный қаласынан қосымша әуежайға кетіп бара жатқан "Эмбраер" әуе кемесі туралы хабарлады. Қазақстанның әуе кеңістігіне өткенге дейін ұшақтың басқару жүйесі мен руль істен шықты. 10.53-те Ростов әуе кемесінде оттегі балоны жарылып, жолаушылар есінен танып жатқанын хабарлады. Барлық қызмет түрлеріне хабар берілді”, - деді ол. 

Әзербайжан ұшағы Қазақстанның әуе кеңістігіне кіргенге дейін барлық апаттық қызметтер ұшақты қабылдауға дайын тұрған. 

“11.02-де экипаж Ақтау диспетчерімен байланыс орнатты. Экипаж ұшақты екі рет қондыруға тырысты. Алайда биіктік пен бағыттың күрт өзгергені байқалды.  11.28-де байланыс жоғалып, әуе кемесі жермен соқтығысты. Бірден оқиға орнына әуежай құтқарушылары шықты", - деді министр.