Bugin

Спотршы жеңілісінен кейін бапкерін ұрып тастады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Ресейлік спортшы жеңілісінен кейін өзіне беттеген бапкерін ұрды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Nur.kz-ке сілтеме жасап. 

Ресейлік аралас жекпе-жек шебері Виктория Дудакова UFC Fight Night турнирінде жеңіліп қалғаннан кейін бапкерін ұрып жіберді. Ол Лас-Вегастағы турнирде жекпе-жекке шыққан еді. Спортшы әйелдер арасында 52,2 кг салмақ дәрежесінде америкалық Фатима Клейнмен жұдырықтасты. Жекпе-жек үш раундқа жоспарланғанымен, екінші раундта аяқталды. АҚШ спортшысы үстемдік танытып, қарсыласының басына бірнеше соққы жасады. Ал төреші техникалық нокаут тіркеп, жекпе-жекті тоқтатты. Бұл 25 жастағы ресейлік спортшы үшін қатарынан екінші жеңіліс болды. Ол бұл сайыста мансабында алғаш рет мерзімінен бұрын жеңілді. Жекпе-жек аяқталған соң октагонға Дудакованың бапкері Гасанали Гасаналиев шықты. Ол шәкіртінің жанына келіп, құшақтамақ болған кезде, спортшы оны бетінен шапалақпен ұрып жібергені трансляцияға түсіп қалды. 

“Сен тіпті келген де жоқсың. Орныңнан қимылдамай отырдың. Саған бәрібір!" - деді Дудакова.