Bugin

Ойын үшін: 21 жастағы астаналық ағасын өлтіріп, туыстарын пышақтап тастады (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған скриншот

Астанада 21 жастағы жігіт немере ағасын өлтіріп, үш туысын пышақтап тастады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Видеоны мына сілтемеден көресіз.

Алдын ала мәлімет бойынша, 60 және 50 жастағы апалы-сіңлімен бірге ағаларының баласы Жанғали Жұматаев тұрған.  Жігіт Standoff 2 атыс-шабыс ойынына тәуелді болған көрінеді. 

“Жанғали смартфонымен сүйікті ойынын ойнап отырған. Түнгі 3-терде тәтесі одан телефонын өшіріп, ұйықтауын өтінді, бірақ ол бұл өтінішті елемеді. Сондықтан отбасы мүшелерінің арасында жанжал туындады”, – делінген тергеу мәліметінде.

Жас жігіт қолына асхана пышағын алып, ескерту жасаған тәтесінің ұлына 20 рет пышақ сұққан. Салдарынан 28 жастағы ер адам мерт болды.  Одан кейін үйдегі басқа тұрғындарды да пышақтапты. Қазір зардап шеккен әйелдер ауруханада жатыр. Олардың жағдайын дәрігерлер "аса ауыр" деп бағалады. 

Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты растады. 

“Күдікті, 21 жастағы елорда тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өлімі дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала деректер бойынша оқиғаға оған туыстары айтқан сын себеп болған. Мән-жайлар анықталып жатыр", - деп пікір білдірді полиция өкілдері.