Bugin

Қазақстанда картоп бағасын тұрақтандыру үшін экспортқа шектеу енгізілді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото:  Sputnik / Владимир Астапкович

Ауыл шаруашылығы министрлігінің егіншілік департаментінің директоры Назгүл Хапетова Үкімет кулуарында сыртқы нарықта картопқа деген сұраныстың өсуі ел ішінде бұл өнімнің қымбаттауына алып келгенін жеткізді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Хапетованың айтуынша, 2024 жылы Қазақстан 600 мың тонна картопты шетелге экспорттаған, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге көп. Өткен жылы бұл көрсеткіш 411 мың тоннаны құраған.

“Сыртқы нарықтағы жоғары сұраныс шаруалар үшін тиімді болғанымен, ішкі нарықта картоп бағасының шарықтауына себеп болды. Бұл мәселені шешу үшін экспортты толығымен тоқтату туралы шешім қабылданды. Қазір тиісті бұйрық рәсімделу үстінде. Сонымен қатар, фитосанитариялық сертификаттар беру уақытша тоқтатылды,” – деді ол.

Сонымен бірге министрлік бағаны тұрақтандыру мақсатында тұрақтандыру қорларындағы өнімді әлеуметтік дүкендерге және нарыққа шығаруды қолға алды. Хапетованың айтуынша, бұл шаралар әсер етіп, соңғы күндері ірі қалаларда картоп бағасы біртіндеп төмендеп келеді.