Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: freepik.com
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қоғамдық орындарда никаб киюге тыйым салатын заңға қол қойды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Енді Қырғызстанда мемлекеттік органдарда және қоғамдық орындарда азаматты анықтауға мүмкіндік бермейтін киім кигені үшін жауапкершілік енгізіледі. Әйелдер мұндай киімді жұмысына немесе медициналық себептерге байланысты кисе рұқсат етіледі. Сонымен қатар көрші елде енгізілген жаңа заң бойынша, діни мағлгматтар мен кітаптарды үй-үйді аралап тарататындар жазаланады. Қырғызстан аумағында діни нысандарды қоспағанда, қоғамдық орындарда, мемлекеттік ұйымдарда, балабақшаларда, мектептер мен университеттерде кез келген БАҚ арқылы діни әдебиеттерді таратқаны үшін және үй-үйді аралағаны үшін жауапкершілік енгізіледі.
Заң діни негізде партия құруға және оны діни ұйымдардың, шетелдік компаниялар мен азаматтардың қаржыландыруына тыйым салады.
Сондай-ақ депутаттарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу кезінде діни ақпаратты пайдалануға тыйым салынады.